Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы төмендейді – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы
Фото: freepik.com

21 тамызда Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларында, түнде Атырау, Қарағанды, Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Атырауда экологиялық тексерісті парамен шешпек болған басшы 270 млн теңге айыппұл арқалады.

Сондай-ақ Атырауда экология талаптарын бұзғандарға 2,4 млрд теңге айыппұл салынды.

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінде суда көбік пайда болып, жасыл түске боялғаны жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды. Бұған қатысты экология департаменті жауап берді.