Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: Александр Павский/Kazinform

– 25 мамырда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Қазақстан ҰОК Eco Athlete жобасы аясында үшінші экологиялық акциясын өткізді.

Ал еліміздің 1,5 млн гектар жері мұнаймен ластанған. Бұны Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков өзінің Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында айтты.