Бүгін еліміздің барлық қаласында ауа сапасы талапқа сай болады – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

– 30 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілмейді, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Алматыда 2026-2028 жылдарға қоршаған ортаны қорғау жоспары бекітілді.

Сондай-ақ 2028 жылы Алматыда ауаның ластану деңгейі 20%-ға дейін төмендейді.