Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады — Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 өңірде дауылды ескерту жариялады.
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Батыста шаңды дауыл болуы ықтимал.
Астана қаласында күн жауын-шашынды, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы қаласында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.
Шымкентте күндіз жаңбыр жауады. Кей уақыттарда қаланы тұман басады. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, қар жауады. Өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігін, оңтүстігін, батысын, таулы аудандарын тұман басуы мүмкін. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады.
Алматы облысының оңтүстігінде, тау бөктерінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыс бағыттан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 18-23, күндіз кей уақыттарда 28 м/с жетеді.
Жетісу облысында жолдарда көктайғақ болады. Облыстың солтүстігін, шығысын, орталығында, таулы аудандарын кей уақыттарда тұман басады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ болып, аймақтың батыс беткейіне тұман басады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Ақмола облысында күн райы жауын-шашынды, бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с.
Павлодар облысында да күн жауын-шашынды, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Түнде облыстың батысын, солтүстігін, оңтүстігін тұман басады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Түнде Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде облыстың оңтүстік-батысын тұман басып, жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болып, оңтүстік-батыстан жел соғады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, облыстың батысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Жолдар көктайғақ болып, кей аумақтарды тұман басады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Бұған дейін наурыз айында күн райы қандай болатыны туралы жаздық.