10:45, 10 Сәуір 2024 | GMT +5
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова 10 сәуірдегі ауа райы жағдайына қатысты мәліметтерді жариялады.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. Республикамыздың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі кезде жаңбыр мен қар, ал күндіз нөсер жауады», - деді А. Исмағұлова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Оның сөзіне қарағанда, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.
Қазгидромет мәліметінше, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің батысында, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды.