Бүгін бірқатар өңірде жауын-шашын мен көктайғақ болады

АСТАНА. KAZINFORM — 24 қарашада Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын, ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мәлім етті.

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қатты жауын-шашын, көктайғақ пен тұман күтіледі
Фото: Kazinform/ЖИ

Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ құбылыстары күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі мен тұман болжанады.

Ауа температурасы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 26 қарашаға қарай күндізгі ауа температурасы қолайлы +15+25°С-қа дейін жоғарылайды.

  • Астанада күн ала бұлтты болады. Кей уақытта жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде −1...+1°C, күндіз +2...+4°C болады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с.

  • Алматыда күн ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +17...+19°C шамасында болады. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с.

  • Шымкентте күн ала бұлтты болып, кей уақытта жаңбыр жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +12...+14°C болады. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Айта кетейік, кеше ауа райына байланысты төрт облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді.