Бүгін еліміздің тек бір қаласында ауа сапасы төмендейді
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 28 маусымда Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Парламент экологияға қатысты құжатты Президенттің қол қоюына жолдады.
Бұған дейін Орал қаласы маңында орналасқан Бәйтерек ауданы Асан ауылы тұсында Шаған өзеніндегі судың жасылданып өзгергені туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарады. Осыған қатысты экология департаменті жауап берді.