04:01, 01 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа ластанады
АСТАНА.KAZINFORM – Бүгін еліміздің үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

-2025 жылы 1 қыркүйекте Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, биыл «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 934 экологиялық іс-шара өткізілді.