Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы, экология
Фото: Pixabay

— 30 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, түнде Астана, Қостанай қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Түркістан облысында экологиялық заңнаманы бұзудың 73 дерегі анықталды.