Бүгін еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 25 қазанда күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты жалауын көтереді. Жарыстың алғашқы күнінде еркін күрес шеберлері ел намысын қорғайды.

 грек-рим күресі
Фото: olympic.kz

Ел құрамасынан бозкілемге 61, 74, 86, 92, 125 келі салмақтағы балуандар шығады. Іріктеу белдесулері Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Еліміздің атынан 61 келі салмақта Әділет Әлмұхамедов 1/8 финалда бастап, Ибраһим Махди Хари (Иран) және Симоне Винченцо Пироду (Италия) жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Ал 1/8 финалда Мұрат Жақыпов (74 келі) АҚШ-тан келген Митчелл Мезенбринкпен кездессе, іріктеуде Нұржан Исағалиев (86 келі) израильдік Аарон Айзеровпен кездеседі.

Сондай-ақ 92 келіде іріктеуде Бекзат Аманғалиев венгриялық Мұса Арсункаев, 125 келіде 1/8 финалда Омархан Нәдіров болгариялық Ален Хубуловпен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Олимпиада жүлдегері Александра Ле нысана көздеуден Қазақстан рекордын жаңартты.

 

Соңғы жаңалықтар