Бүгін Еуропа чемпионатының 1/8 финалында қай құрамалар ойнайды
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 2 шілдеде 1/8 финалда соңғы екі ойын өткізіледі.

Кешкі сағат сағат 21.00-де Румыния мен Нидерланд шеберлік байқасады. Кездесу Мюнхен қаласындағы «Альянц-Арена» стадионында өтеді.
Е тобында сынға түскен Румыния Украинаны 3:0 есебімен жеңсе, Словакиямен 1:1 есебімен тең ойнап, Бельгияға 0:2 есебімен есе жіберді.
Ал, Нидерланд D тобында Польшаны 2:1 есебімен жеңіп, Аустрияға 2:3 есебімен есе жіберсе, Франциямен 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Бүгін түнгі сағат 00.00-де Аустрия мен Түркия кездесуі басталады. Ойын Лейпциг қаласындағы «Ред Булл-Арена - Центральштадион» стадионында өтеді.
D тобында ойнаған Аустрия Францияға 0:1 есебімен жеңілсе, Польшадан 3:1. Нидерландтан 3:2 есебімен басым түсті.
F тобында ойнаған Түркия құрамасы Грузияны 3:1, Чехияны 2:1 есебімен тізе бүктірсе, Португалияға 0:3 есебімен есе жіберді.
Еске салсақ, бұдан бұрын ¼ финалға Испания, Англия, Германия, Швейцария, Португалия, Франция құрамалары жолдама алды.