Бүгін Еуропа құрлығында әлем чемпионаты іріктеу кезеңі ойындары өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Еуропа құрлығы бойынша іріктеу кезеңі ойындары өтеді.

футбол
Фото: Pixabay

Іріктеу кезеңінде І тобында Норвегия мен Италия, Эстония мен Израиль құрамалары сынға түседі.

Бұл топта алғашқы екі турда ұпай жоғалтпаған Норвегия 6 ұпаймен көш басында тұрса, одан кейінгі орындардағы Эстония мен Израильдің 3 ұпайы бар. Әзірге Молдова бірде-бір ұпай ала алған жоқ. Ал Италия бірінші ойынын енді өткізеді.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы бақ сынап жатқан J тобында Уэльс пен Лихтенштейн, Солтүстік Македония мен Бельгия шеберлік байқасады. Бұл турға қазақстандық футболшылар қатыспайды.

Екі турдан кейін 4 ұпаймен Солтүстік Македония мен Уэльс көш басында келе жатса, Қазақстан 3 ұпай еншіледі. Ал Лихтенштейннің ұпай ала алмаса, Бельгия алғашқы ойынын бүгін өткізеді.

Тағы екі ойын L тобында болады. Бұл топта Гибралтар мен Хорватия ойнаса, тағы бір кездесуде Чехия мен Черногория жасыл алаңға шығады.

Дүбірлі додада алғаш рет 48 құрама бақ сынайды. Оның 16-ы Еуропа, 8-і Азия, 9-ы Африка, 6-ы Солтүстік Америка, 6-ы Оңтүстік Америка құрлығына бөлінсе, 1-і мұхит аймағы елдеріне қаралған. Ал 2 жолдама плей-офф сатысы арқылы анықталады.

Айта кетсек, футболдан әлем чемпионатына шыққан құрамалар саны 10-ға жетті.

Қазірге дейін АҚШ, Канада, Мексика, Жапония, Жаңа Зеландия, Иран, Аргентина, Иордания, Өзбекстан, Оңтүстік Корея құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатыны белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар