Бүгін футболдан Америка кубогының 1/4 финалдық кезеңі басталады
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Америка кубогының 1/4 финалдық кезеңі басталады. Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы бұл жолы Эквадормен сынға түседі.

Аргентиналық футболшылар А тобында бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ. Олар Канада мен Перуді 2:0, Чилиді 1:0 есебімен тізе бүктіріп, тоғыз ұпаймен бірінші орын алды.
Әзірге Лионель Месси гол соққан жоқ.
Әлем футболындағы тағы бір үздік құраманың бірі - Бразилия топтық кезеңде небәрі бір кездесуде жеңіп, қалғанында тең нәтижеге қанағат білдірді. Өз тобында екінші орынды місе тұтты.
Аргентина мен Эквадор кездесуі 05:50-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ ширек финалда 5 шілдеде Венесуэла мен Канада, 6 шілдеде Уругвай мен Бразилия, Колумбия мен Панама кездеседі.
Биыл Америка кубогы 20 маусым мен 14 шілде аралығында АҚШ-тың 14 қаласында өткізілуде.
Америка кубогы 1916 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Қазірге дейін Аргентина мен Уругвай -16, Бразилия - 9, Парагвай, Чили, Перу - 2, Клоумбия мен Боливия - 1 мәртеден чемпион атанды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Лионель Месси Америка кубогында рекорд орнатқанын хабарлаған едік.