Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он бірінші туры өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он бірінші туры өтеді.

Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он бірінші туры өтеді
Фото: Футболдан Қазақстан кәсіби лигасы

Он турдан кейін шымкенттік БИИК, «Ақтөбе», «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді. 

Биыл жүлделі орындарға қол жеткізуді алдына мақсат етіп отырған клубтар бұл турда да ұпай қорын молайтуға тырысады. Сондықтан олар бүгінгі ойында жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық.

Оныншы турдың ойын кестесі:

«Жеңіс» (Астана) - «Ұлытау» (Жезқазған)

«Жетісу» (Талдықорған) - «Оқжетпес» (Көкшетау)

«Тобыл» (Қостанай) - «Ақтөбе»

«Қайрат» (Алматы) - «Қызылжар» (Петроппавл)

«Атырау» - БИІК (Шымкент)

«Томирис-Тұран» (Түркістан) - «Астана»

«Қайсар» (Қызылорда) - «Елімай» (Семей).

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар