Бүгін футболдан Әйелдер лигасында ХІХ турдың бес ойыны өтеді
АСТАНА. KAZINFORM - Бұл турдағы екі ойын алдын ала өткізілсе, бесеуі бүгін болады.

Қазір шымкенттік БИІК, «Ақтөбе», «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді.
Сондықтан олар бүгінгі ойында жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық.
Ойын кестесі:
«Астана» - «Жетісу» (Талдықорған)
«Қайрат» (Алматы) - «Жеңіс» (Астана)
«Қызылжар» (Петропавл) - «Қайсар» (Қызылорда)
«Ұлытау» (Жезқазған) - «Оқжетпес» (Көкшетау)
«Томирис-Тұран» (Түркістан) - «Атырау»
Бұл турдағы алдын ала өткізілген ойында Шымкенттің БИІК клубы сырт алаңда Қостанайдың «Тобылын» 23:0, «Ақтөбе» Семейдің «Елімайын» 8:1 есебімен жеңді.
Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХХІІ турында «Ақтөбе» «Жетісудан» 3:2 есебімен басым түсті.