Бүгін футболдан Әйелдер лигасының ХХІV туры өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ХХІV турының ойындары өтеді.

Бүгін футболдан Әйелдер лигасының ХХІV туры өтеді
Фото: Kffleague.kz

Бұл турда «Томирис-Тұран» (Түркістан) мен БИІК (Шымкент) командалары шеберлік байқасады. Ел біріншілігінде екеуі де алғашқы үштікте келеді. БИІК клубы 64 ұпаймен екінші орында тұрса, «Томирис-Тұран» 56 ұпаймен үшінші орында келеді. 

Ойын кестесі:

«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Қайсар» (Қызылорда)
«Жеңіс» (Астана) — «Елімай» (Семей)
«Жетісу» (Талдықорған) — «Тобыл» (Қостанай)
«Қызылжар» (Петропавл) — «Ақтөбе»
«Атырау» — «Ұлытау» (Жезқазған)
«Қайрат» (Алматы) — «Астана»
«Томирис-Тұран» (Түркістан) — БИІК (Шымкент).

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбоспортл мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.

Еске салсақ, ел біріншілігінде «Тобыл» мен «Елімай» соңғы минутта үш ұпай олжалады.

Соңғы жаңалықтар