Бүгін футболдан Бірінші лигада 11-тур ойындары басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Аталған тур ойындары 26-27 маусым күндеріне белгіленген.

Футболдан Бірінші лигада «Каспий» турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Бүгін, 26 маусымда «Ақтөбе-2» мен «Каспий» (Ақтау), «Екібастұз» (Павлодар облысы) пен «Түркістан», «Қайрат-2» (Алматы) мен «Тараз» ойнайды.

Ал 27 маусымда «Шахтер» (Қарағанды) мен «Академия Оңтүстік» (Шымкент), AKAS (Алматы) пен «Жетісай» (Түркістан облысы), «Хан тәңірі» (Алматы) мен «Алтай» (Өскемен), «Ертіс» (Павлодар) пен «SD Family» ойнайды.

Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.

Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.

Он бір турдан кейін «Каспий», «Шахтер», «Ертіс», «Алтай» командалары алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.

Еске салсақ, 25 маусымда футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалындағы алғашқы ойында Қостанайдың «Тобыл» елордалық «Жеңістен» басым түсті.

 

Соңғы жаңалықтар