Бүгін футболдан Чемпиондар лигасының екінші туры басталады

Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің екінші туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

спорт
Фото: manutd.com

Бұл күні А, В, С, D топтарында командалар өзара кездеседі.

Олардың қатарында «Манчестер Юнайтед», «Бавария», «Арсенал» және «Реал Мадрид» клубтары бар.

Бүгінгі ойын кестесі мынадай:

А тобы: «Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Галатасарай» (Түркия), «Копенгаген» (Дания) - «Бавария» (Германия)

В тобы: ПСВ (Франция) - «Севилья» (Испания), «Ланс» (Франция) - «Арсенал» (Англия);

С тобы: «Унион Берлин» (Германия) - «Спортинг Брага» (Португалия), «Наполи» (Италия) - «Реал Мадрид» (Испания)

D тобы: «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) - «Реал Сосьедад» (Испания), «Интер» (Италия) - «Бенфика» (Португалия).

Аталған ойындар арасынан елорда уақытымен 00:50-де «Манчестер Юнайтед» (Англия) мен «Галатасарай» (Түркия) ойындары «Qazsport», «Наполи» (Италия) мен «Реал Мадрид» (Испания) кездесуі «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бірінші туры аяқталды.

Соңғы жаңалықтар