Бүгін футболдан Чемпиондар лигасының финалы өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалында «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Интер» (Италия) командалары кездеседі.

Ойын қазақстандық уақытпен 23:45–те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кездесу Германияның Мюнхен қаласындағы «Мюнхен Арена» стадионында өтеді.
Екі команда жарақат алған ойыншылар жоқ. Барлығының алдағы кездесуге дайын екені белгілі болды.
«Пари Сен-Жермен» өз тарихында екінші мәрте Чемпиондар лигасы финалына шығып отыр. 2020 жылы олар финалда Германияның «Бавария» командасына 0:1 есебімен жол берді.
Ал «Интер» қазірге дейін 1964, 1965, 2010 жылдарда Чемпиондар лигасын жеңіп алса, 1967, 1972, 2023 аталған турнирдің финалисі атанды.
Екі команда бұған дейін үш мәрте кездесті. Оның біреуінде франциялық клуб жеңіске жетсе, қалғанында қарсыласына есе жіберді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Англияның «Тоттенхэм Хотспурс» командасы 2025 жылғы UEFA Еуропа лигасының чемпионы атанды.
Сондай-ақ Англияның «Челси» клубы футболдан UEFA Конференция лигасының чемпионы болды.