Бүгін футболдан ел біріншілігінің он үшінші туры басталады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 29 маусымда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХІІІ туры басталады.

Аталған тур ойындары 29 және 30 маусым күндеріне белгіленген.
Бүгін, 29 маусымда үш ойын өтеді. Алдымен 18:00–де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Шахтер» (Қарағанды) жасыл алаңға шығады.
Одан кейін 20:00–де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайсар» (Қызылорда), «Астана» мен «Қайрат» (Алматы) кездеседі.
Ал 29 маусымда 18:00–де «Елімай» (Семей) мен «Жетісу» (Талдықорған) шеберлік байқасады.
Сағат 20:00–де «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай), «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау» ойнайды.
Бұл турдың ойындарын «Qazsport», «Q Football», «Q Arena» телеарналары мен QFL.KZ сайтынан тамашалауға болады.
Айта кетсек, он екі турдан кейін 22 ұпаймен «Ордабасы», «Ақтөбе» көш басында келе жатса, «Қайрат» пен «Елімай» 18 ұпаймен үшінші және төртінші орындарды өзара бөлісіп тұр.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Жетісай» «Алтаймен» тең түсті.