Бүгін футболдан ел біріншілігінің оныншы туры басталады

Футбол мяч доп
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 1 маусымда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының оныншы туры басталады.

Аталған тур ойындары 1 және 2 маусым күндеріне белгіленген. 

Бүгін, 1 маусымда алдымен 19:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Қайсар» (Қызылорда) жасыл алаңға шығады.

Одан кейін 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Жетісу» (Талдықорған) кездеседі. 

Ал 2 маусымда 19:00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Ақтөбе», «Елімай» (Семей) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Қайрат» (Алматы) пен «Шахтер» (Қарағанды) ойнайды.

Аталған турды 21.00-де «Жеңіс» (Астана) пен «Атырау» командалары түйіндейді.

Бұл турдың ойындарын «Qazsport», «Q Football», «Q Arena» телеарналары мен QFL.KZ сайтында тамашалауға болады.

Айта кетсек, тоғыз турдан кейін 15 ұпаймен «Ақтөбе», «Елімай» мен «Қайрат» үздік үштікте келеді.

Сұрмергендер сапында Идрис Умаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ақтөбе») және Евгений Березкин («Қызылжар») төрт гол соғып, көш басында тұр.

Соңғы жаңалықтар