Бүгін футболдан ел біріншілігінің тоғызыншы туры басталады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 18 мамырда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы туры аясында үш ойын өтеді.

Алдымен 17:00-де «Атырау» мен «Астана» жасыл алаңға шығады.
Одан кейін 19:00-де «Ақтөбе» мен «Ордабасы» (Шымкент), 21.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жеңіс» (Астана) шеберлік байқасады.
Ал 19 мамырда 17:00-де «Шахтер» (Қаарғанды) мен «Тобыл» (Қостанай), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қызылжар» (Петропавл) ойнайды.
Аталған турды 21.00-де «Елімай» (Семей) мен «Қайрат» (Алматы) командалары түйіндейді.
Бұл турдың ойындарын «Qazsport», «Q Football», «Q Arena» телеарналары мен QFL.KZ сайтында тамашалауға болады.
Айта кетсек, жеті турдан кейін 14 ұпаймен «Ақтөбе», «Елімай» мен «Қайрат» үздік үштікте келеді.
Сұрмергендер сапында Идрис Умаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ақтөбе») және Евгений Березкин («Қызылжар») төрт гол соғып, көш басында тұр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Ғани Қайназаров Қазақстан футбол лигасының президенті болды.