Бүгін футболдан еліміздің әйелдер лигасында ХVII тур ойындары басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл турдың ойындары екі күнге белгіленген. Бүгін, 11 тамызда алты кездесу өткізілсе, біреуі 12 тамызда өтеді.

Футболдан еліміздің әйелдер лигасында бүгін он алтыншы тур өтеді
Фото: ҚФФ

Қазір шымкенттік «БИІК», «Ақтөбе», түркістандық «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді. Сондықтан олар бүгін жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық.

Ойын кестесі:

11 тамыз

  • «Астана» (Астана) - «Оқжетпес» (Көкшетау)
  • «Атырау» - «Жеңіс» (Астана)
  • «Қайрат» (Алматы) - «Жетісу» (Талдықорған)
  • «Қызылжар» (Петропавл) - «Тобыл» (Қостанай)
  • «Томирис-Тұран» (Түркістан) - «Қайсар» (Қызылорда)

12 тамыз

  • «Елімай» (Семей) - БИІК (Шымкент)

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған.

Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан еліміздің әйелдер лигасында «Оқжетпес» тағы ойсырай жеңілді.

Соңғы жаңалықтар