Бүгін футболдан еліміздің әйелдер лигасында он алтыншы тур өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл турдың ойындары екі күнге белгіленген. Бүгін, 4 тамызда алты кездесу өткізілсе, біреуі 5 тамызда өтеді.

Футболдан еліміздің әйелдер лигасында бүгін он алтыншы тур өтеді
Фото: ҚФФ

Қазір шымкенттік «БИІК», «Ақтөбе», түркістандық «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді. Сондықтан олар бүгінгі ойында жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық.

Ойын кестесі:

4 тамыз

«Жеңіс» (Астана) — «Ақтөбе»
«Тобыл» (Қостанай) — «Қайрат» (Алматы)
«Елімай» (Семей) — «Астана»
«Жетісу» (Талдықорған) — «Томирис-Тұран» (Түркістан)
«Ұлытау» (Жезқазған) — БИІК (Шымкент)
«Қайсар» (Қызылорда) — «Атырау»

5 тамыз

«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Қызылжар» (Петропавл)

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының XVтурында «Ақтөбе» өз алаңында шымкенттік «БИІК» командасынан басым түсті.

Соңғы жаңалықтар