Бүгін футболдан еурокубок ойындарының жеребесі тартылады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 17 маусымда Швейцарияның Ньон қаласында футболдан 2025/26 жылғы еурокубок ойындарының жеребесі тартылады.

Биыл алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасында сынға түссе, «Ақтөбе» Еуропа лигасында, «Ордабасы» мен «Астана» Конференция лигасына қатысады.
Қазақстандық уақытпен 17:00–де «Қайрат» аталған турнирдің бірінші кезеңіндегі қарсыласын анықтайды.
Ал Еуропа лигасының жеребесі 18:00–ге белгіленген. «Ақтөбе» еурокубоктағы жорығын бірінші кезеңнен бастайды.
Сондай-ақ 19:00–де Конференция лигасы бірінші кезеңінің жеребесі белгілі болады. Онда «Ордабасы» жарыстың аталған сатысында қай командамен сынға түсетіні анықталады. «Астана» аталған турнирді екінші кезеңнен бастайды.
Еске салсақ, Клубтар арасындағы ӘЧ: «Челси» алғашқы ойынында жеңіске жетті.