Бүгін футболдан Қазақстан - Әзербайжан құрамаларының жолдастық кездесуі өтеді

футбол
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 11 маусымда футболдан Қазақстан және Әзербайжан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді.

Ойын Венгрияның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында өткізіледі.

Кездесу 11 маусымда сағат 21:00-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама қазірге дейін сегіз мәрте өзара кездесті. Оның екеуінде Әзербайжан жеңіске жетсе, төртеуінде Қазақстан басым түсті. Екі ойында тең нәтиже тіркелді.

ФИФА рейтингісінде Қазақстан 100-орында тұрса, Әзербайжан 113-орында келеді.

Бұл ойында Қазақстан құрамасы бас бапкері міндетін қазақстандық маман Руслан Балтиев атқарады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы 7 маусымда Арменияға 1:2 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымында Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топта ойнайды.

Айта кетсек, маусым айының басында Станислав Черчесов футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар
telegram