Бүгін футболдан Қазақстан кубогының 1/16 финалы басталады

АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан 2026 жылғы Қазақстан кубогы 1/16 финалы 8 және 9 сәуір күндері өткізіледі.

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының 1/16 финалы басталады
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Биыл турнир 1/16 финал кезеңінен бастау алады. Ерекшелігі оған әуесқой лиганың екі жеңімпазы қатыса алады. Жеңімпаз бір ойынның нәтижесімен анықталады.

8 сәуір
14:00. «Талас» - «Қайсар»
14:00. «Ансат» - «Тобыл»
14:00. «Жас Қыран» - «Атырау»
15:00. «Академия Оңтүстік» - «Ордабасы»
15:00. «Жайық» - «Қайрат»
15:00. «БКС» - «Астана»
18:00. «Тұран» - «Елімай»
19:00. «Қаршыға» - «Жетісу»

9 сәуір
14:00. «Zhelaev Nan» - «Алтай»
14:00. «Хромтау» - «Жеңіс»
15:00. «Арыс» - «Ақтөбе»
15:00. «Батыр» -«Каспий»
15:00. «Шахтер» - «Оқжетпес»
15:00. «Тараз» - «Ұлытау»
16:00. «Хан тәңірі» - «Қызылжар».

«SD Family» командасының биыл біріншілігіне қатысудан байланысты «Ертіс» 1/8 финалына бірден жолдама алды.

Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) – 10, «Жеңіс» (Астана), «Астана», «Тобыл» (Қостанай) – 3, «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) – 2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды),«Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) 1 мәртеден жеңімпаз атанды.

Ақбота Тұрсынбек

Соңғы жаңалықтар