Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финалы өтеді

футбол
Фото: Галина Скрипник/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Қазақстан кубогының 1/4 финалында төрт ойын өткізіледі.

Жарыстың аталған сатысында 18.00-де «Тобыл» мен «Астана», «Атырау» мен «Қайрат» шеберлік байқасады.

Ал 20:00-де «Елімай» мен «Қызылжар», «Ордабасы» мен «Ақтөбе» командалары жасыл алаңға шығады.

Ережеге сәйкес жартылай финалға шығатын командалар бір ойынның нәтижесі бойынша анықталады.

Айта кетсек, «Тобыл» мен «Астана», «Ордабасы» мен «Ақтөбе» кездесулері «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал, 1/2 финал 29 мамыр мен 19 маусымда өткізіледі. Финал 29 қыркүйекке белгіленген.

Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бүгінге дейін «Қайрат» 9 мәрте кубокты төбесіне көтерді. Ал, «Жеңіс» (Астана) мен «Астана» - 3, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ордабасы» (Шымкент) - 2, «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Ақтөбе», «Алматы», «Тобыл» (Қостанай), «Достық» (Алматы), «Елімай» (Семей) - 1 мәртеден кубок иегері атанды.

Соңғы жаңалықтар