Бүгін футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалы басталады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Қазақстан кубогы жартылай финал ойындар өткізіледі.

футбол
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Жартылай финалдың алғашқы жұбында 18.00-де «Тобыл» кездессе, тағы бірінде 20.00-де «Ақтөбе» мен «Елімай» шеберлік байқасады.

Жартылай финалдың қарымта ойыны 19 маусымда өткізіледі.

Финал 29 қыркүйекке белгіленген.

Биыл Қазақстан кубогының алдын ала іріктеу кезеңі 1-19 наурыз аралығында өтсе, 21-23 наурызда командалар алдын ала іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында шеберлік байқасты.

Екінші кезеңде Премьер-лиганың 13 командасы мен алдын ала іріктеу кезеңінде үздік шыққан 3 ұжым өзара жұп құрады.

Одан ширек финал ойындары болды.

Бүгінге дейін «Қайрат» 9 мәрте кубокты төбесіне көтерді.

Ал, «Жеңіс» (Астана) мен «Астана» — 3, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ордабасы» (Шымкент) — 2, «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Ақтөбе», «Алматы», «Тобыл» (Қостанай), «Достық» (Алматы), «Елімай» (Семей) — 1 мәртеден кубок иегері атанды. 

Соңғы жаңалықтар