Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасы Англиямен ойнайды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қазақстан 21 жасқа дейінгі құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Ақтөбеде Англия құрамасын қабылдайды.Кездесу Қазақстан уақытымен 18:50–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларымен ойнайды.
Олар 5 маусым күні Астанада Андоррадан 1:0 есебімен басым түсті.
Ал 9 қазанда 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Андоррамен ойнайды.
Аға бапкер Денис Мамонов жетекшілік ететін құраманың оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Алматы қаласында басталады. Құрамға 24 ойыншы енді.
Қақпашылар: Нұралы Нұрғалиев («Шахтер»), Дулат Талыспаев («Кёге», Дания), Әбілқайыр Алиакбар («Алтай»);
Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де — «Жетісу»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»), Темірлан Мырзағалиев, Никита Губарев (екеуі де — «Қайсар»), Бахтияр Төлеуов («Ертіс»);
Жартылай қорғаушылар: Давид Есімбеков («Жетісу»), Олжас Байбек («Қайрат»), Әбинұр Нұрымбет, Тамерлан Ағыманов (екеуі де — «Ертіс»), Вячеслав Раскатов («Каспий»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»);
Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Сэйф Попов («Алтай»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік Академиясы»), Артем Литош («Шахтер»), Рамазан Бағдат («Қайрат»);
Құрлықтық доданың іріктеу кезеңі 2026 жылдың 6 қазанында мәресіне жетеді.
Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы мен Өзбекстан футбол қауымдастығы 21 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасында екі жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келді.