Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңін бастайды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде бүгін Андорраға қарсы ойын өткізеді.

Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңін бастайды
Фото: kff.kz

Жастарымыз D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларымен кездеседі. Аға бапкер Денис Мамоновтың шәкірттері 2 маусымда Астанада жиналды. Олар оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Кездесу 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында 19:30-да өтеді. Одан кейін қазақстандық жастар 8 маусымда Англиямен шеберлік байқасады.

Ойыншылар тізімі

Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Атырау»), Дулат Талыспаев («Кёге»), Мирас Рихард («Ертіс»).

Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Жетісу»), Санжар Әнуаров («Астана»), Александр Мигунов, Эльхан Саидов (екеуі де – «Шахтер»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»).

Жартылай қорғаушылар: Әбинұр Нұрымбет («Тұран»), Вячеслав Раскатов («Ертіс»), Дархан Бердібек («Ақтөбе»), Мирас Көбеев («Ислочь», Беларусь), Олжас Байбек, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Мұхаммед Еңсебаев («Сеута Б», Испания), Давид Есімбеков («Жетісу»), Хамза Мұхаметәли (AKAS).

Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік Академиясы»), Артем Литош («Хан Тәңірі»).

Ойын күнтізбесі

2025 жыл

5 маусым

Қазақстан - Андорра

8 маусым

Қазақстан - Англия

9 қазан

Андорра - Қазақстан

13 қараша

Словакия - Қазақстан

17 қараша

Қазақстан - Молдова

2026 жыл

27 наурыз

Қазақстан - Словакия

31 наурыз

Қазақстан - Ирландия

25 қыркүйек

Англия - Қазақстан

29 қыркүйек

Ирландия - Қазақстан

6 қазан

Молдова - Қазақстан

Еске салсақ, бұдан бұрын Ұлттар лигасында Қазақстан әйелдер құрамасы Люксембургке есе жіберді.

 

Соңғы жаңалықтар