Бүгін футболдан Конференция лигасы 1/8 финалы басталады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасы 1/8 финалының алғашқы ойындары өтеді.

Бүгін футболдан Конференция лигасы 1/8 финалы басталады
Фото: uefa.com

Беделді бәсекенің плей-офф кезеңінде жеңімпаз атанған «Лех Познань», «Сигма», «Кристалл Пэлас», «АЗ Алкмаар», «Фиорентина», «Самсунспор», «Целе», «Риека» командалары ширек финалға шықты.

Ал негізгі кезеңде алғашқы сегіздікте болған «Страсбур», «Ракув», «АЕК Афины», «Спарта Прага», «Райо Вальекано», «Шахтер», «Майнц 05», «АЕК Ларнака» командалары 1/8 финалға бірден жолдама алды.

«Лех» (Польша) — «Шахтер» (Украина)
«Кристал Пэлас» (Англия) — «АЕК Ларнака» (Кипр)
«Самсунспор» (Түркия) — «Райо Вальекано» (Испания)
«Сигма» (Чехия) — «Майнц-05» (Германия)
«АЗ Алкмаар» (Нидерланд) — «Спарта» (Чехия)
«Фиорентина» (Италия) — «Ракув» (Польша)
«Целе» (Словения) — «АЕК Афины» (Грекия)
«Риека» (Хорватия) — «Страсбур» (Франция)

Финал 27 мамырда Германияның Лейпциг қаласындағы «Ред Булл Арена» стадионында өткізіледі.

Конференция лигасы 2021 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін «Рома» (Италия), «Вест Хэм Юнайтед» (Англия), «Олимпиакос» (Грекия), «Челси» (Англия) командалары жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум