Бүгін футболдан ҚПЛ-дың соңғы туры өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХХХ турындағы 31 қазанда Қазақстан уақытымен 15:00–де басталады.

Бүгін футболдан ҚПЛ-дың соңғы туры өтеді
Фото: «Астана» ФК

Матчтарды SPORT+ телеарнасы мен youtube KFF League арқылы тамашалауға болады.

Қазақстан Премьер-лигасы, 30-тур, 31 қазан

15:00. «Ұлытау» (Жезқазған) — «Атырау»
15:00. «Ертіс» (Павлодар) — «Ордабасы» (Шымкент)
15:00. «Елімай» (Семей) — «Оқжетпес» (Көкшетау)
15:00. «Тобыл» (Қостанай) — «Ақтөбе»
15:00. «Жеңіс» (Астана) — «Қайсар» (Қызылорда)
15:00. «Каспий» (Ақтау) — «Қызылжар» (Петропавл).
15:00. «Жетісу» (Талдықорған) — «Астана».
15:00. «Қайрат» (Алматы) — «Алтай» (Өскемен).

Айта кетсек, қазірге дейін шымкенттік «Ордабасы» бір тур бұрын Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алса, алматылық «Қайрат» күміс жүлдегер атанды. Әзірге үштікті елордалық «Астана» түйіндеп тұр. Бірінші лигаға түсіп қалу қаупі аймағында талдықорғандық «Жетісу» мен қызылордалық «Қайсар» келеді.

Ал сұрмерген көшінде Берн Йонсен («Ордабасы») бірінші орынға жайғасса, одан кейінгі орындардағы Марку Гуаль («Қайрат») — 12, Марин Томасов («Астана») пен Урош Милованович («Тобыл») — 11 гол соғып үлгерді.