ҚПЛ: «Ақтөбе» мен «Қайрат» тең түсіп, «Ордабасы» чемпион атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХІV турында «Ақтөбе» - «Қайрат» (Алматы) кездесуінің нәтижесі белгілі болды.

«Ақтөбе» мен «Қайрат» тең түсіп, «Ордабасы» чемпион атанды
Фото: fcaktobe_official

Өткен турда өз алаңында шымкенттік «Ордабасыға» есе жіберген ақтөбелік ұжым бұл жолы өз жанкүйерлеріне қуаныш сыйлауға тырысты. Екі команданың алдына қойған мақсаты бар. «Ақтөбе» алдағы жылы еурокубокқа қатысу үшін төртінші орын алуды көздесе, «Қайрат» бас жүлдеден әлі де үмітін үзген жоқ болатын. Десе де олар жеңілістің ащы дәмін татса, бір тур бұрын чемпиондық атақ «Ордабасыға» бұйыратын еді.

Кездесу барысында ақтөбелік клубтан Шейи Оджо 5, Агустин Пасторица 38-минутта гол соқса, алматылық клубтан Азамат Тұяқбаев 34, Марку Гуаль 70-минутта қақпаны дәл көздеді.

Осылайша командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді. Нәтижесінде бір тур бұрын «Ордабасы» чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Алтай» (Өскемен) - «Елімай» (Семей) 2:2 есебіне қанағат білдірсе, павлодарлық «Ертіс» «Атырауды» 3:2 есебімен жеңді.

Еске салсақ, алғашқы ойын күні, 24 қазанда петропавлдық «Қызылжар» Жезқазғанның «Ұлытауын» 1:0, Көкшетаудың «Оқжетпесі» Ақтаудың «Каспийін» 3:0 есебімен қапы қалдырса, «Жетісу» (Талдықорған) - «Тобыл» (Қостанай), «Ордабасы» (Шымкент) - «Жеңіс» (Астана) 1:1 есебіне қанағат білдірді.