Бүгін футболдан UEFA Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 8 ақпан күні Франция астанасы Париж қаласында футболдан 2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтеді. 

Ұлттар лигасы жеребесі
Фото: ҚФФ

Ұлттар лигасының жаңа маусымы қыркүйекте басталады. Қазақстандық футболшылар В лигасында өнер көрсетеді.

Жеребе Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады. Жеребе тарту рәсімін тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасы көрсетеді. Ел құрамасы төртінші себетке орналастырылды. Бұл себетте Грузия, Түркия, Люксембург құрамалары бар.

Өзге себеттерде құрамалардың орналасуы төмендегіше:

1-себет: Аустрия, Чехия, Англия, Уэльс

2-себет: Финляндия, Украина, Исландия, Норвегия

3-себет: Словения, Ирландия, Албания, Черногория.

Еске салсақ, Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 18-24 ақпан аралығында Беларусь астанасы Минскі қаласында өтетін «Даму Кубогы» халықаралық турниріне қатысады.

Жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны 10 ақпанда Талғардағы ҚФФ базасында өтеді. Құрамаға қазақстандық маман Бауыржан Сағындық жетекшілік етеді.

Соңғы жаңалықтар