Бүгін футзалдан әлем чемпионатының жеребесі тартылады

футзалдан әлем чемпионаты
Фото: ҚР футбол федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футзалдан әлем чемпионаты финалдық сатысы топтық кезеңінің жеребесі тартылады. Дүбірлі дода биыл Өзбекстанда өтеді.

Жеребе тарту рәсімінің алдында Қазақстан құрамасы 2-себетке орналасқан. Себеттер ФИФА рейтингі бойынша жасақталған. Ережеге сәйкес Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Марокко, Таиланд, Франция, Украина және Парагвай құрамаларымен кездеспейді. 

Ал, бірінші себетте Өзбекстан, Бразилия, Испания, Аргентина, Португалия, Иран болса, үшінші себетте Коста Рика, Гватемала, Венесуэла, Куба, Жаңа Зеландия, Ливия, төртінші себетте Тәжікстан, Ангола, Хорватия, Франция, Нидерланд және Ауғанстан бар.

Жеребе тарту рәсімі 26 мамырда Самарқан қаласында өтеді. Салтанатты рәсім Қазақстан уақытымен 21:00-де «Qazsport»телеарнасынан және ФИФА ресми сайтынан тікелей көрсетіледі.

Әлем чемпионаты 14 қыркүйек-6 қазан аралығында Ташкент, Бұхара және Әндіжан қалаларында болады. Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсіп, 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.

Айта кетсек, ФИФА-ның алғашқы рейтингісінде Қазақстан футзал құрамасы 4-орынға жайғасты.

Соңғы жаңалықтар