Бүгін футзалдан Қазақстан кубогының ширек финалы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футзалдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары болады.

футзал
Фото: Қазақстан футзал қауымдастығы

Жарыстың аталған сатысында сағат 15:00–де алматылық «Қайрат» «Қарағанды» командасымен кездессе, дәл сол уақытта «Атырау» мен «Тұлпар» (Қарағанды) ойнайды. 

Сондай-ақ 18:00–де «Семей» мен «Елімай» (Көкшетау) шеберлік байқасса, «Аят» (Рудный) пен «Ақтөбе» өзара мықтыны анықтайды.

Олардың арасынан «Қайрат» пен «Қарағанды», «Аят» (Рудный) пен «Ақтөбе» кездесуі «QazSport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Турнирге барлығы 16 команда қатысып, төрт топқа бөлінді. А тобы мен D тобының ойындары Орал, B және C тобының матчтары Талдықорған қаласында өткізілді. Топтық кезең 25-30 тамыз аралығында ұйымдастырылды.

Еске салсақ, Алматының «Қайраты» биыл футзалдан суперкубок иегері атанды.

Алматылық клуб финалда «Семейді» 1:0 есебімен тізе бүктіріп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Соңғы жаңалықтар