Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесу өткізеді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Иранмен екінші жолдастық кездесу өткізеді.
Екі құрама арасындағы алғашқы жолдастық кездесуде қазақстандық футзалшылар 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Ойын жергілікті уақытпен 19:55-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Жиынның қорытынды кезеңі Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында болады. Қазақстан құрамасы 8 қыркүйек күні Аргентинамен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, биыл әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді. Қарсыластары - Испания, Ливия және Жаңа Зеландия.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық футзалшылар Тәжікстан құрамасымен екі мәрте жолдастық кездесуде 4:3, 3:0 есебімен жеңіске жетті.