Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы, экология
Фото: Pixabay

— 24 тамызда Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінде суда көбік пайда болып, жасыл түске боялды. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазбалар тарады.

Ал Астана тұрғындарының Ақбұлақ өзеніндегі майға ұқсас дақтар туралы хабарламасынан кейін экологтер тексеру жүргізді. Мамандар су нысанын зерттеп, алынған сынамаларды зертханалық талдауға жіберді.