Бүгін қай өңірлерде оқушылар қашықтан оқуға көшті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазіргі таңда Қазақстанда кейбір өңірлер мен қала мектептері ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқыту форматына ауысты.

 Буран зима боран қыс метель люди адамдар отмена занятий в школах мектептердегі сабақтарды тоқтату
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Астана

2026 жылғы 13 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылвры қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Абай облысы

Абай облысының 2026 жылғы 13 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз, көктайғақ)1-ауысымда оқитын Семей қаласының мектептерінің 1-9 сынып, Бесқарағай ауданының 1-9 сыныптары — 8 мектебі, 1-11 сыныптары — 13 мектеп, Көкпекті ауданының 1-4 сыныптары — 3 мектебі, Жаңасемей ауданының1-4 сыныптары -6 мектебі, 1-9 сынып — 1 мектебінің, Бородулиха ауданының 1-4 сыныптары — 18 мектебі, 1-4 сынып — 2 мектебінің окушылары үшін сабақтар қашықтық форматқа ауыстырылды.

Шығыс Қазақстан облысы

Риддер қаласында 13 ақпан күні ауа температурасының –26,6°С-қа дейін төмендеуіне байланысты барлық мектепте бірінші ауысымда оқитын 0–4 сыныптардың оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі.

13 ақпанда ауа температурасының -28°С-тан -35°С-қа дейін төмендеуіне байланысты Алтай қаласында бірқатар мектепте сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

1–2 ауысымдағы 0–4 сыныптар:

  • «Тұрғысын орта мектебі» КММ

  • «Михаил Харин атындағы бастауыш мектебі» КММ

  • «Новокрестьянка бастауыш мектебі» КММ

  • «Средигорное орта мектебі» КММ

  • «Маяк орта мектебі» КММ

  • «Зубовск орта мектебі» КММ

  • «Никольск орта мектебі» КММ

  • «Подорловка бастауыш мектебі» КММ

0–9 сыныптар:

  • «Путинцево орта мектебі» КММ

  • «Соловьев орта мектебі» КММ

  • «Чапаев орта мектебі» КММ

  • «Леснопристань орта мектебі» КММ

0–11 сыныптар:

  • «Михаил Бикетов атындағы орта мектебі» КММ

Катонқарағай ауданы бойынша 13 ақпанда ауа температурасының -34°С–-35°С-қа дейін төмендеуіне байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

0–4 сыныптар:

  • «Үшбұлақ бастауыш мектебі»

Марқакөл ауданы бойынша 13 ақпанда ауа температурасының –30°С-қа дейін төмендеуіне байланысты бірқатар сыныптар қашықтан оқыту форматына көшірілді.

0–4 сыныптар:

  • «№ 1 Марқакөл орта мектебі» КММ

  • «Мектеп-интернат-колледжі» КММ

Самар ауданы бойынша 13 ақпан күні ауа температурасының -30-32 төмендеуіне байланысты оқушылар қашықтықтан оқытуға ауыстырылады.

0-9 сыныптар:

  • «М. Жұмабаев атындағы негізгі мектебі»

Осыдан бұрын Елдің 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар