Бүгін қай өңірлерде оқушылар онлайн оқиды
АСТАНА. KAZINFORM – Бірқатар өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар қашықтан оқу форматына көшірілді.
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы бойынша 2026 жылдың 27 қаңтар күні ауа температурасы -29,5 градус аяз. І ауысымдағы 1-11 сыныптарда сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Ақмола облысы
27 қаңтарда Көкшетауда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды.
Солтүстік Қазақстан облысы
Ауа температурасының -27 градусқа дейін төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушыларына арналған сабақтар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Қостанай облысы
Ауа температурасының –31-32 C-қа дейін төмендеуіне және жел жылдамдығының 6 м/с болуына байланысты Қостанай қаласындағы мектептердің 1 ауысымында оқитын МАДС, 1-11сынып оқушылары 2026 жылғы 27қаңтарда қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
27 қаңтарда ауа температурасы —31°C—32°C, желдің жылдамдығы 6 м/с болуына байланысты Қостанай қаласы колледждерінің 1-ауысымындағы 1–2 курс студенттері қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.
1-ауысымдағы 3–4 курстарды қашықтықтан оқыту форматына ауыстыру туралы шешімді колледж директорлары өздері қабылдайды. Аймақтар өздерінің ауа райы жағдайына байланысты шешім қабылдайды.
Айта кетейік, 27 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болып, тұман басады. Сондай-ақ қар да жауады. Ал кейбір өңірде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.