09:02, 19 Наурыз 2024 | GMT +5
Бүгін Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы 19-шы наурыздың күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық бөліктердің өтуіне орай күнқұбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын, кей жер өңірде қар жауады.
Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен күн ашық болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болады.