Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында екінші тур ойындары басталады
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл турдағы ойындар 16 және 17 наурыз күндеріне белгіленген.
Бүгін, 16 наурызда жеті кездесу өткізілсе, қалған бір ойын 17 наурыз күні болады.
Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда жүлдені сарапқа салады. Олардың қатарында «Ақтөбе», «Алтай» (Өскемен), «Астана», «Атырау», «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай), «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент) бар./
Премьер-Лига, ІІ тур ойындары
16 наурыз
14:00. «Ұлытау» - «Кызылжар» (youtube KFF League)
15:00. «Ертіс» - «Атырау» («Qazsport»)
15:00. «Елімай» - «Алтай» (SPORT+)
17:00. «Тобыл» - «Жетісу» («Qazsport»)
19:00. «Қайсар» - «Астана» (SPORT+)
19:00. «Қайрат» - «Актобе» («Qazsport»)
20:00. «Жеңіс» - «Ордабасы» («Qazsport»)
17 наурыз
17:00 «Каспий» - «Окжетпес» («Qazsport»).
Алғашқы турдан кейін «Ақтөбе», «Астана», «Қайрат» командалары алғашқы үштікте келеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Тұран» футбол клубының жаңа бас бапкері тағайындалды.