Бүгін Қазақстан статистикасына 105 жыл толды

АСТАНА. KAZINFORM – Дәл осы күні, 1920 жылы, ҚазАКСР Статистика басқармасы құрылды. Осы жылдар ішінде статистика үлкен жолдан өтті.

Ұлттық статистика бюросы
Фото: Ұлттық статистика бюросы

Алғашқы кезеңде мәліметтер қағаз арқылы қолмен жиналса, бүгінде ол цифрлық жүйеге толыққанды көшті. Ұлттық статистика бюросы үнемі даму үстінде, деректердің дәл, сенімді және баршаға түсінікті болуына бағытталған жаңашылдықтарды енгізіп келеді.

Қазір Қазақстан статистикасы толық цифрлық трансформация бағытымен ілгерілеп келеді. Автоматтандыру, жасанды интеллект және заманауи цифрлық шешімдер деректерді жинау мен өңдеу үдерісін жеделдетіп отыр. Ақпарат мемлекетке, бизнеске, сарапшыларға және азаматтарға бұрынғыдан да жылдам әрі қолжетімді бола түсті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мемлекеттік статистикасының 105 жылдығына орай құттықтау жолдап, бұл саланың ел дамуы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.

Халықаралық ұйымдар Қазақстанның ұлттық статистика жүйесіне жоғары баға берді.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстанның Тиісті статистикалық практика жөніндегі ұсынымға қосылғанын ресми түрде растады.

Соңғы жаңалықтар