07:35, 01 Тамыз 2024 | GMT +5
Бүгін қазақстандық клубтар Конференция лигасында қарымта ойындар өткізеді
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Астана», «Ордабасы» мен «Тобыл» қарымта ойын өткізеді.

«Астана» Қазақстан уақытымен 19:00-де Алматы қаласында Молдованың «Милсами» командасымен шеберлік байқасады.
«Милсами» 2005 жылы құрылған. 2014 жылы ел чемпионы атанды. Молдованың екі дүркін Кубок иегері болды.
Команданың бас бапкері Игорь Пикащук бірнеше жыл бұрын қазақстандық «Ақжайықты» Қазақстан кубогының финалына дейін алып шыққан.
Алғашқы кездесуде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Еске салсақ, бұған дейін футболдан Украина құрамасының бұрынғы қақпашысы Максим Коваль «Елімай» сапына қосылғанын жазған едік.