Бүгін Қазақстанның қай жолдары ашық, қайсысы жабық

АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздің бірнеше өңірінде республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

зима метель закрытие трассы қыс боран жол жабылуы
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Сағат 06:00–де

Павлодар облысы

— барлық бағыттағы республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы ашылады. 

Ақмола облысы:

— «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 159 — 200 шақырым аралығы (Ерейментау қаласы — Павлодар облысының шекарасы);

Қарағанды облысы:

— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1066 — 1135 шақырым аралығы (Молодежный кенті — Павлодар облысының шекарасы); — «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 231 — 324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы — Ботақара кенті);

Абай облысы:

— «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан қ. айналма жолымен — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы (Урлютюбе ө/п)» автожолының 587 — 733 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы — Семей қаласы); 

Сағат 08:30–да

Шығыс Қазақстан облысы:

— республикалық маңызы бар «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Қатонқарағай — Рахманов қайнарлары» автожолының 7 — 166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылы — Алтай қаласы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері мен жазғы дөңгелекпен жүретін көліктерден басқа барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс ашылды.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады. 

Бұған дейін ҚазАвтоЖол төрт облыста көліктердің жазғы дөңгелекпен жүруіне шектеу қойды.