Бүгін Қазақстанның үш қаласында ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

ауа сапасы
Фото: Pixabay

«2024 жылғы 26 қаңтарда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Ақтөбе, Өскемен, Риддер қалаларында күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.