Бүгін клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Челси» (Англия) командалары кездеседі. 

футбол
Фото: Football.ua

Матч қазақстандық уақытпен 23:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Топтық кезеңде «Челси» D тобында АҚШ-тың «Лос-Анджелесін» 2:0, Мысырдың «Эсперанс» командасын 3:0 есебімен жеңді. Алайда Бразилияның «Фламенго» футбол клубынан 3:1 есебімен жеңілді. 1/8 финалда Португалияның «Бенфикасын» 4:1, ¼ финалда Бразилияның «Палмейрасын» 2:1, 1/2 финалда Бразилияның «Флуминенсе» 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал «Пари Сен-Жермен» В тобында Испанияның «Атлетико Мадрид» клубын 4:0, АҚШ-тың «Сиэтл Саундерсін» 2:0 есебімен жеңсе, Бразилияның «Ботафого» командасына 0:1 есебімен есе жіберді. 

Одан кейін 1/8 финалда АҚШ-тың «Интер Майами» клубынан 4:0,¼ финалда Германияның «Бавариясынан» 2:0, 1/2 финалда Испанияның «Реал Мадридінен» 4:0 есебімен басым түсті.

Бұған дейін Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында «Пари Сен-Жермен» мен «Челси» командасы кездесетінін жазған болатынбыз.

Әлем чемпионатының жүлде қоры — 1 миллиард АҚШ доллары. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі. Доп додасында 32 команда сынға түсті.

Opta суперкомпьютері 2025 жылғы әлем чемпионатында қай команданың жеңімпаз атануы жөнінде болжам жасады. Аталған болжамға сәйкес чемпионаттың басты фавориті ретінде Францияның «Пари Сен-Жермен» командасының мүмкіндігі 18,5% пайызға бағаланды. 

Соңғы жаңалықтар