Бүгін Конференция лигасының 1/16 финал кезеңінің жеребесі тартылады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін футболдан Конференция лигасының 1/16 финал кезеңінде ойнайтын командалардың қарсыластары белгілі болады. 

Бүгін Конференция лигасының 1/16 финал кезеңінің жеребесі тартылады
Фото: uefa.com

Жалпы кезеңнен сүрінбей өткен 8 команда 1/8 финалға тікелей өтеді. Ал 9-24 орын алған командалар келесі кезеңге шығу үшін сынға түседі.

Жеребеге 16 команда қатысады. Жеңімпаздар 1/8 финалға жолдама алады.

1/16 финалда бақ сынайтын командалар тізімі:

– Лозанна (Швейцария)

– Кристал Пэлас (Англия)

– Лех (Польша)

– Самсунспор (Түркия)

– Целе (Словения)

– Аз Алкмар (Нидерланды)

– Фиорентина (Италия)

– Риека (Хорватия)

– Ягеллония Белосток (Польша)

– Омония (Кипр)

– Ноа (Армения)

– Дрита (Косово)

– КуПС (Финляндия)

– Шкендия (Солтүстік Македония)

– Зриньски Мостар (Босния және Герцеговина)

– Сигма Оломоуц (Чехия)

Жеребе тарту рәсімі бүгін сағат 17:00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей көрсетіледі. Бұл кезең командалар үшін маңызды, себебі жеңімпаздар турнирдің келесі сатысына өтеді.

Соңғы жаңалықтар