Бүгін ҚПЛ-да 8-турдың екінші ойын күні өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 8-турының екінші ойын күні өтеді.

Бүгін, 11 мамырда 15.00-дe «Жетісу» (Талдықорған) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) ойнаса, 17.00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайсар» (Қызылорда), 19.00-дe «Ақтөбе» мен «Елімай» (Семей) шеберлік байқасады.
Аталған турдың алғашқы ойын күні, 10 мамырда елордалық «Астана» өз алаңында қостанайлық «Тобылдан» 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу барысында қостанайлық клубтан Ахмед Эль-Мессауди 8-минутта есеп ашса, одан кейін Николай Сигневич 16, 36-минутта екі гол соғып кетті. Оған елордалық клубтан 87-минутта Джеффри Чинеду бір голмен жауап қайырды.
Осылайша «Астана» қатарынан екі тур бойы жеңіске жете алмай келеді.
Сондай-ақ аталған турда петропавлдық «Қызылжар» өз алаңында жезқазғандық «Ұлытау» клубын 2:1, түркістандық «Тұран» «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді.
Еске салсақ, Қазақстан Премьер-лигасының алдын ала өткен 20-турында елордалық «Жеңіс» алматылық «Қайратқа» есе жіберді.